Діни бірлестіктерді зерттеу бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері

- дінтану сараптамасын жүргізу;

- дін мәселесіне қатысты ғылыми зерттеулер және оқу-әдістемелік  құралдар   бойынша сараптамалық шешімдер дайындау;

- Қазақстандағы әлемдік және дәстүрлі діндердің теориялық негіздерін зерттеу;

- Қазақстандағы діни бірлестіктердің пайда болу тарихы мен даму болашағын зерттеу;

- Қазақстан Республикасы көлемінде жүргізілетін дін тақырыбындағы ғылыми зерттеулер жұмысын үйлестіру;

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына арналған тәжірибелік ұсыныстарды даярлау үшін дін саласында әлеуметтік зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу;

- діни әдебиеттерді зерттеу және талдау;

- мемлекеттік-конфессиялық қатынастар мәселелері бойынша ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу;

- Қазақстандағы діни бірлестіктердің қызметі мәселелері бойынша дәрістік-ағартушылық жұмыстар жүргізу;

- мемлекеттік органдар үшін мемлекеттік-конфессиялық қатынас мәселелері бойынша ақпараттық бюллетеньдер, арнайы баспа басылымдарын дайындау.