Діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімі

Бөлімнің негізгі міндеттері

- дін саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін ақпараттық-талдау тұрғыдан қолдау;

- Қазақстан Республикасында діни ахуалының даму үдерісіне талдау және мониторинг жүргізуді жүзеге асыру;

- ҚР аймақтарындағы діни ахуалдың даму үрдістерінің жағдайы мен болжамдары бойынша мемлекеттік органдар үшін ұсыныстар мен талдамалық баяндамалар әзірлеу үшін, дін саласындағы ғылыми-талдамалық және әлеуметтік зерттеулерге талдау және мониторинг жасау;

- мемлекеттік органдардың, мемлекеттік-конфессиялық қатынас мәселелері жөніндегі ұйымдардың сұраныстары бойынша ақпараттық-талдау материалдарымен қамтамасыз ету;

- мемлекеттік өкілетті органдардан түскен өңірлердегі діни ахуал туралы бастапқы мәліметтерді өңдеу және жүйелендіру барысында алынған ақпараттарды талдау негізінде Қазақстандағы діни ахуалдың дамуын болжау және негізгі тенденцияларын анықтау;

- Қазақстан Республикасы азаматтарының дін еркіндігі, конфессияаралық тұрақтылықты сақтау және бекіту бойынша ұсыныстарды ұсыну құқығын қорғауға қатысты жүргізіліп отырған мемлекеттік саясаттың тиімділігін анықтау үшін кешенді талдау жүргізу;

- орталықтың конференциялар, дөңгелек үстелдер, оқыту семинарларын ұйымдастыру мен өткізуге қатысу.