Понедельник, 08 Қаңтар 2018 16:03

АСТАНА БАЗАРЫНДА ДІНИ КІТАП САТҚАНДАР ЖАЗАЛАНДЫ

Астана қаласының «Шапағат» базарында орналасқан дүңгіршектердің бірінде жергілікті атқарушы органның келісімінсіз діни әдебиеттер сатылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 490-бабы 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар оларға 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынған.

Қаулы заңды күшіне енді.