ҒЗТО Ғылыми-сараптамалық кеңесінің ережелері

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық министрлігі Дін істері комитеті
«Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-талдау және зерттеу орталығы» РММ
Ғылыми-сараптамалық кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

1.1 Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық министрлігі Дін істері комитеті (бұдан әрі – ҚР ДІАҚМ ДІК) Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының (бұдан әрі – Орталық) Ғылыми-сараптамалық кеңесі (бұдан әрі– ҒСК) Орталық жанындағы тұрақты негізде қызмет ететін орган болып табылады.

1.2 ҒСК өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Дін қызметі және діни бірлестіктер туралы» Заңын, ҚР Үкіметінің 07.02.2012 ж. «Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы және ҚР Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» №209 қаулысын, басқа да нормативтік-құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

1.3 ҒСК қызметі діни сенім мен ар-ождан бостандығы, діннің мемлекеттен бөлінуі, дінаралық толеранттылық, көпшілік таныған халықаралық құқық принциптері мен нормаларына сәйкес адам және азамат құқықтары мен еркіндіктерін бұзбау қағидаттарына негізделеді.ҒСК қызметінде адамның қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін,  дінаралық және өзге де араздықты өршітетін пікірлер мен түсініктемелерге жол берілмейді.

1.4 ҒСК Орталықтың ғылыми-зерттеу және сараптамалық-талдау қызметінің кешенді және ұсыныстық сипатқа ие мәселелерін қарастырады.

1.5 ҒСК мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Бейбітшілік к., 43.

 

  1. ҒСК мақсаты,қызметтері мен міндеттері

2.1 ҒСК қызметінің мақсаты –Орталықтың ғылыми-зерттеу және сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асыру шеңберіндегіқолданбалы, ғылыми-зерттеу және талдау жұмыстарын жүргізуге, сонымен қатар дін саласына байланысты зерттеу, болжамдау және ұсыныстар әзірлеу үшін ҒСК бекіткен жоспарлы ғылыми тақырыптарды зерттеуге бағытталған іс-шаралардың жалпы басшылығы мен үйлестіру ісін қамтамасыз ету.

2.2 алдына қойған мақсатты жүзеге асыру үшін ҒСК төменде көрсетілген қызметтерді атқарады:

2.2.1 ғылыми құрылымы мен күнтізбелік жоспарын бекітеді;

2.2.2 дін саласына байланысты зерттеу, болжамдау және ұсыныстар жасау мақсатында әзірленген оқу-әдістемелік жұмыстарды, құралдарды, басқа да материалдарды бекітеді;

2.2.3 Орталықтың құрылымдық бөлімшелері тарапынан жүзеге асырылатын ғылыми-зерттеу және талдау жұмыстарының тақырып жоспарларын, соның ішінде қызметкерлердің зерттеу-мамандану тақырыптарын талқылайды және бекітеді;

2.2.4 Орталықтың Медиа-жоспары бойынша әзірленетін мақалалардың тақырыптарын талқылап, бекітеді;

2.2.5 ғылыми зерттеулердің барысын қадағалап, оларға қатысты ағымдағы есепті тыңдайды;

2.2.6 кешенді (комиссиялық) дінтану сараптамасын жүргізуді қажет ететін материалдарға сараптама жүргізуді ұйымдастырады;

2.2.7 Қазақстандағы діни ахуалдың жағдайына баға беріп, Қазақстан Республикасындағы конфессияаралық алаңның және мемлекеттік-конфессиялық қатынастардың дамуына болжам жасайды;

2.2.8 діни ахуал мен мемлекеттік-конфессиялық саясаттың дамуының басым бағыттары бойынша ұсыныстар дайындауға қатысады;

2.2.9 ғылыми еңбектер мен басылуға ұсынылатын материалдардың рецензиялануын қамтамасыз етеді, дін саласындағы ғылыми-зерттеу, әлеуметтанулық және талдамалық жұмыстарға баға береді;

2.2.10 уәкілетті және басқарушы органдардың тапсырмаларына, ғылыми-зерттеу мекемелері мен оқу орындарының сұраныстарына сәйкес және басқа да негіздер бойынша ел аумағындағы дін және дінтану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобаларына әдістемелік жетекшілік немесе кеңесшілік етуді, әдістемелік ұсынымдар мен нұсқамалар әзірлеуді жүзеге асырады;

2.2.11 Дінтанулық білім жүйесін жетілдіру мақсатында әдістемелік ұсынымдар мен нұсқамаларды, білім жетілдіру курстарының бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

2.3 ҒСК міндеттері:

2.3.1 мемлекеттік органдарды ел ішінде болып жатқан діни үдерістерге сараптамалық баға берілген материалдармен қамтамасыз ету;

2.3.2 дін саласындағы Қазақстан сарапшыларының қоғамдастығымен, ғылыми-талдау орталықтарымен және басқа да ұйымдармен өзара әрекеттестікті жүзеге асыру;

2.3.3 діни ахуалды зерттеу саласында тәжірибе алмасу мақсатында шетелдік сарапшылар және талдау орталықтарымен өзара әрекеттестіккеықпал ету;

2.3.4 Дін істері комитетінің ғылымиортамен байланыстарын нығайтуғаықпал ету;

2.3.5 дін саласына қатысты ғылыми конференциялардың, кеңес, семинар, пікірталас, дөңгелек үстелдердің өткізілуіне ықпал ету;

2.3.6 дінтану сараптамасын жүргізудің сапасын арттыру мақсатында іс-шаралар өткізу;

2.3.7 дінтанулық білім жүйесін жетілдіру мақсатында әдістемелік және тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастыру;

2.3.8 дін және дінтану сараптамасы саласындағы ғылыми-зерттеу, әлеуметтанулық және талдамалық жұмыстардың сапасын арттыруға қатысты ұсыныстар әзірлеу;

2.3.9 ҒСК аясында оның құрамына кіретін және сырттан шақырылған ғалымдардың тақырыптық дәрістерін өткізіп тұру.

2.4 ҒСК өз міндеттерін жүзеге асыру үшін, Дін істері комитетінің назарына талдау және ақпараттық материалдар, өзге де құжаттар түрінде ұсыныстар әзірлеп енгізеді. Сонымен қатар төмендегідей құқықтарға ие:

2.4.1 ҒСК отырыстарына мемлекеттік органдардың, қоғамдық және діни ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және т.б. өкілдерін шақыру;

2.4.2 дін саласына қатысты зерттеу, болжамдау және ұсыныстар әзірлеужұмыстарын жүзеге асыру үшін ҒСК мүшесі болып табылмайтын ғылыми ұйымдардың өкілдерін, мамандар мен сарапшыларды (шетелдіктерді де қоса) шақыру.

 

  1. ҒСК құрамы, құрылымы және қызметінің ұйымдастырылуы

3.1 ҒСК құрамы Орталықтағы және Орталықтан тыс ұйымдардағы діни қатынастар саласындағы зерттеулермен айналысатын дінтану, теология, әлеуметтану, тарих, филология, психология және өзге де арнайы білім салаларының мамандарынан қалыптасады.

3.2 Ғылыми-сараптамалық кеңестің құрамына ҒСК төрағасы, ҒСК мүшелері, ғалым хатшы және ҒСК хатшысы кіреді.

3.3 Орталықтың директоры ҒСК төрағасы болып табылады.

3.4 ҒСК төрағасы:

3.4.1 ҒСК қызметін қойылған міндеттерге сәйкес ұйымдастырады;

3.4.2 ҒСК отырыстарын тағайындайды;

3.4.3 күн тәртібін бекітеді;

3.4.4 ҒСК отырыстарында төрағалық етеді және оларды жүргізудің жалпы басшылығын атқарады;

3.4.5 ҒСК қызметінің негізгі бағыттарын айқындайды және оның жұмысын  ұйымдастырады;

3.4.5 ҒСК қызметін жоспарлайды, отырыстарды жүргізеді, ұйымдастырылатын конференция, пікірталас және басқа да іс-шараларды басқарады;

3.4.6 ҒСК міндеті аясына кіретін мәселелер бойынша ғылыми-зерттеу жобаларын (бағдарламалар) ұсынады;

3.4.7 ҒСК міндеті аясына кіретін мәселелер бойынша орталық және аймақтық мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және лауазымды тұлғалармен, сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарымен әріптестік қарым-қатынас орнатады.

3.5 ҒСК төрағасы төмендегі негіздер бойынша ҒСК-тің кез келген  мүшесін оның құрамынан шығару туралы мәселе көтере алады:

3.5.1 осы Ереже талаптарының бұзылуы;

3.5.2 ҒСК отырыстарына жүйелі түрде (қатарынан үш реттен астам) қатынаспауы;

3.5.3 ҒСК беделін түсіретін әрекетке баруы;

3.6 ҒСК Ғалым хатшысы ғылыми дәрежесі бар ҒСК мүшелері арасынан сайланады. Оның атқаратын негізгі міндеттері:

3.6.1 ғылыми жұмыстардың дер кезінде және сапалы атқарылуын қадағалайды;

3.6.2 Орталықтың бөлімдеріндегі ғылыми-зерттеу жұмыстардың тақырыптарын өзара үйлестіреді және реттейді;

3.6.3 ҒСК жұмысының жобасын әзірлейді, ғылыми жұмыстарды баспадан шығару жоспарына ұсыныстар даярлайды.

3.7 ҒСК құрамына Орталықтың бас ғылыми қызметкерлері, жетекші  ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ, магистр дәрежесі бар ғылыми қызметкерлері, сонымен қатар  Орталықтан тыс ұйымдарда қызмет атқаратын ғалымдар мүше бола алады.

  1. 8 ҒСК мүшесі төмендегідей құқықтарға ие:

3.8.1 зерттеуге қатысы бар барлық құжаттармен танысу;

3.8.2 ақпараттық материалдармен танысу нәтижесінде туындаған ерекше көзқарастарын жазбаша түрде білдіру;

3.8.3 ҒСК қызметінің барлық түріне қатысу;

3.8.4 ҒСК мүддесі аясында талқыланатын барлық мәселелер бойынша ұсыныстар жасау, өзінің көзқарастарын еркін білдіру;

3.8.5 белгіленген тәртіпке сәйкес ҒСК қызметіне қатысты мәселелер бойынша Орталықтың деректер қорын пайдалану.

  1. 9ҒСК мүшесі:

3.9.1 ҒСК отырыстарына өзі қатысуға;

3.9.2 берілген ақпараттық материалдарға жан-жақты, толымды әрі нақты және кешенді талдау  жүргізуге;

3.9.3ҒСК қызметін жетілдіру ісіне ат салысуға міндетті.

  1. 10. ҒСК хатшысы:

3.10.1 ҒСК қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

3.10.2 ҒСК отырыстарын даярлауды және өткізуді қамтамасыз етеді;

3.10.3 ҒСК отырыстарының күн тәртібінің жобасын және қажетті материалдарды әзірлейді, оларды ҒСК отырысы басталуынан кемінде 10 күн бұрын ҒСК төрағасына ұсынады;

3.10.4 ҒСК және оның хатшылығының жұмыс жоспарларының жүзеге асырылуын бақылайды;

3.10.5 ҒСК отырысының өтетін жері, уақыты жөнінде ҒСК мүшелеріне хабарлап, оларды қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді.

3.11 ҒСК отырысы екі айда бір рет өтеді және егер мүшелердің жартысынан астамы қатысатын болса, уәкілетті деп саналады.

3.12 Отырысқа қажетті ақпараттық материалдар, оның басталуынан кемінде 5 күн бұрын ҒСК мүшелеріне таратылады. 

3.13 ҒСК жұмысының жылдық нәтижесі бойынша отырыста бекітілетін есеп дайындалады. 

3.14 ҒСК жұмысы Орталық директорының тапсырмалары ескеріліп даярланған жоспарлар негізінде жүргізіледі. Жоспарлар ҒСК отырысында бекітіледі.

3.15 ҒСК Орталық директорының бұйрығымен құрылады, қайта құрылады және таратылады. 

 

  1. ҒСК шешімдері

5.1ҒСК шешімдері ұсыныстық сипатқа ие.

5.2 Шешімдер ҒСК отырысына қатысқан мүшелердің ашық дауыс беруі бойыншабасымдылық негізінде қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда ҒСК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

5.3 ҒСК отырыстарында хаттама жүргізіледі, ал отырыс аяқталғанда ҒСК шешімі рәсімделеді. Шешімге ҒСК төрағасы мен ҒСК хатшысыныңқолықойылады. 

5.4Отырыс хаттамасында ҒСК мүшелерінің қосымша пікірлері ескеріледі.