Муминов Әшірбек Құрбанұлы, т.ғ.д., профессор

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының меңгерушісі.

1976-1982 жж. Ташкент мемлекеттік университетінің шығыс тілдері факультетінің араб тілі бөлімінде оқып, «филолог-арабтанушы, араб, ағылшын тілдері мен әдебиетінің оқытушысы» мамандығын меңгеріп шықты.

КСРО ҒА Шығыстану институтының Ленинград бөлімшесінің аспирантурасында сырттай оқып, «тарихнама, дерекнама және тарихи зерттеулердің әдістемесі (ислам тарихы)» (1987-1990) мамандығы бойынша тәмамдаған. Кандидаттық жұмысын академик И.Ю. Крачковский атындағы Араб кабинетінде С.М. Прозоровтың басшылығымен атқарған.

Докторлық жұмыс  «Орталық Мәуереннаһр қалаларының өміріндегі Ханафит ғұламаларының ролі (II-VII/VIII-XIII ғғ.)» тақырыбында 2003 ж. Ташкент ислам университетінде «Тарих және ислам дерекнамасы» мамандығы бойынша қорғалды.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Дінтану кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарып келеді.

2005-2013 жж. аралығында ҚР БҒМ ҒК Р.Б.Сулейменов атындағы шығыстану институтының Таяу және Орта шығыс бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс жасады (2006 жылдың қантар айынан 2011 жылдың тамыз айына дейін директордың ғылыми іс бойынша орынбасары қызметін атқарды).

Бұған дейін 1981 жылы қаңтар-қыркүйек айларында Мысыр елінде Асьют қаласында араб тілінен аудармашы болып жұмыс жасады.

Сорбонна қаласындағы профессор Дениз Эглдың арнайы шақыртуымен (2002 ж., ақпан-наурыз) Жоғарғы зерттеулер тәжірибелік мектебінің Бесінші секциясында «Орта Азиядағы әулиелер мәртебесі/культі» тақырыбында бір ай дәрістер циклын оқыды.

Сорбонна қаласындағы профессор Франсуа Дероштың арнайы шақыртуымен (1998 ж., сәуір) Жоғарғы зерттеулер тәжірибелік мектебінің Төртінші секциясында «Государственные и частные собрания арабографичных рукописей в Центральной Азии» тақырыбында бір ай дәрістер циклын оқыды.

Сонымен қатар, арнайы шақыртылған профессор ретінде «Қазіргі замандағы Шығыс» Орталығында «Islam und Gesellschaft in Zentralasien» (шілде, 2011 ж.) дәрістер циклін, ЕҚЫҰ Академиясында (Бішкек қ., 2004 ж., желтоқсан) «Орта Азия өңірінде қауіпсіздікке төнетін сын-тегеуріндер» (16 академиялық сағат), ЕҚЫҰ Академиясында (Бішкек қ., 2006 ж., қаңтар) «Орта Азиядағы діннің радикалдануы» тақырыбында арнайы курс (16 академиялық сағат) оқыды.