Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлы, филос. және теол. ғ.д.

Кенжетаев Досай Тұрсынбайұлы, филос. және теол. ғ.д.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті Дінтану кафедрасының профессоры қызметін атқарушы.

1992-1996 жж. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ оқып, «Философ-дінтанушы және араб тілі мұғалімі» мамандығы бойынша үздік дипломмен бітірген.

Д.Т. Кенжетаев Түркияның Анкара университетінде тағылымдамадан өткен.

1998 жылдан бастап Ғылыми-зерттеу орталықтарында, жоғары оқу орындарында ғылым саласында еңбек етуде.

2003-2006 жылдар аралығында «Фергана - Орта азияның діни орталығы» экспедиция жеткшіс. Халықаралық ислам философиясы конгресі координаторы.

Досай Тұрсынбайұлының жетекшілік етуімен 3 кандидаттық диссертациялар қорғалды.

Көптеген көлемді ғылыми еңбектердің авторы. Соның ішінде:

1 Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымының түркі ислам философиясы тарихындағы  орны (Түркістан, 2012);

  1. Hoca Ahmet Yesevinin Düsünce Sistemi (Анкара, 2003);
  2. Қожа Ахмет Иасауи дүниетанымы (Түркістан, 2004);
  3. HocaAhmet Yesevinin Ahlak Felsefesi (Анкара, 2003);
  4. Көңілдің айнасы (Мират-ул Кулуб) (Анкара, 2003);

6. Қазақ даласының ғұламалары (Шымкент, 2009);

7. Дінтану. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық (Алматы, 2010);

8. «XIX-XX ғ. Қазақ зиалылары және діни ахуал» Оқу құралы (Шымкент, 2010);

9. Қазіргі жағдайдағы исламның әлеуметтік тұжырымдамасының негіздері. Оқу әдістемелік құралы (Астана, 2011);

10 Исламда діни  тәжірибе психологиясы (Алматы, 2012);

11. Ислам философиясы (Алматы, 2012);

12. Діни таным және жат ағымдар (Алматы, 2012);

13. Ислам өркениеті (Алматы, 2012);

14. Түркі ислам философиясы (Алматы, 2012);

15. Ислам діни негіздері мен тарихы (Алматы, 2012);

16. Қазақ мұсылмандық  түсінігінің ерекшеліктері (Алматы, 2012);

17. Сопылық тарихы және философиясы (Алматы, 2012).

Д.Т.Кенжетаев «Халықаралық Туркия-Қазақстан достық қоғамы сыйлығы» (Түркия, 1999 ж.), «Жас ғалымдар сыйлығы» (Әзербайжан, 2000 ж.), «Түркі дүниесіне еңбек сіңірген қайраткер» (2010 ж.), «Жылдың үздік ұстазы» (2011 ж.) белгілерімен марапатталған.