Кеңшілік Тышхан, философ. ғ.к.

Кеңшілік Тышхан, философ. ғ.к.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті Дінтану кафедрасының доценті міндетін атқарушы.

1997-2001 жж. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде оқып, «Дінтанушы және араб тілінің мұғалімі» мамандығын меңгеріп шықты. Түркия Республикасы Конья қаласы Селжук университеті теология факультетінде оқыды.

2002-2005 жж. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің аспиранты болды.

2001-2002  жж. Алматы облысы,  Қарғалы елдімекені, «Шет тілдер оқыту орталығында» араб тілі мұғалімі болып, 2002-2009 жж. Алматы қаласы, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінде «Араб тілі», «Дінтану», «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының оқытушысы, 2009 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Әлеуметтік ғылымдар факультеті Философия кафедрасында аға оқытушы, Дінтану кафедрасында доцент м.а. болып жұмыс жасайды.

К.Тышхан Түркия (2001 ж.), Катар (2011 ж.), Франция (2013 ж.) сияқты шет елдерден ғылыми-тәжірибелік тағламалардан өткен.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің 5 граттық жобасына қатысқан (4 жобаның орындаушысы және 1 жобаның жетекшісі) және 7 ғылыми мақаланың авторы.

Ғылыми қызығушылығы: дін және саясат қатынастары, діни антропология, діндегі адамның рухани ерік – бостандығы мәселесі.