Кәріпбаев Байжол Ысқақұлы, филос. ғ.д.

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті философия және психология факультетінің деканы, профессор. Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі діни ахуалды кешенді зерделеу лабораториясының меңгерушісі.

Б.Ы. Кәріпбаев шетелдік тағылымдамалардан өткен: Германия, 2009 ж.: Ресей Федерациясы, 2011 ж.(Мәскеу, Омск қалалары).

Байжол Ысқақұлының жоғары оқу орнында 21 жыл еңбек тәжірибесі бар.

Профессор Б.Ы.Кәріпбаев 2008-2014 жылдар аралығында 150 ғылыми мақала, 3 монография, 4 оқу құралы, 15 электронды лекциялар курсы, 5 электронды оқулық, 27 мультимедиялық презентация әзірледі. ҚР Білім және ғылым министрлігінің 3 граттық жобасының авторы.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен, «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған.