Ершат Оңғаров, исламтанушы, Ph.D докторы

Ершат Оңғаров, исламтанушы, Ph.D докторы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында (ҚМДБ) Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі.

ҚМДБ жанындағы Ғұламалар кеңесінің хатшысы және Қазақстан Республикасының Халықаралық Ислам фиқһы (заңы) академиясындағы [International Islamic Fiqh Academy] тұрақты мүшесі.

1994-2000 жылдары Египет Араб Республикасы, Каир қаласындағы әл-Азхар университетінің жанындағы Ислам ғылыми зерттеулер институтында білім алған. 2004 жылы әл-Әзхар университетін «уағыз-насихат» мамандығы бойынша бітіріп, бакалавр академиялық дәрежесіне алған. 2006 жылы Египет Араб Республикасы Жоғарғы білім министірлігі Ислам ғылыми зерттеулер жоғарғы институтында исламтану мамандығы бойынша магистр дәрежесін, 2010 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде философия, мәдени антропология мамандықтары бойынша PhD доктор дәрежесін қорғады.

Е.Оңғаров 2007-2009 жылдары ҚМДБ маман, бөлім бастығы, 2009-2011 жылдары Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-де аға оқытушы болып жұмыс iстедi.

2011-2013 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі (ДІА) Дін мәселелері бойынша ғылыми зерттеу және сараптама орталығына исламды зерттеу бөлімінің бастығы, ҚР ДІА Діни оқу орындармен байланыстар және дінтану сараптамасы басқармасының Бас сарапшысы лауазымдарында қызмет атқарған.