Әбуов Айдар Паркұлұлы, филос.ғ.д., профессоры

 

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының 2014 жылдан бастап «Мемлекеттің саяси стратегиясы» кафедрасының меңгерушісі.

Шымкент педагогикалық институтының тарих факультетін тәмамдаған, философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының коресспондент-мүшесі. Қазақстан, АҚШ; Түркия, Ресей, Польша, Қытай, т.б. елдерде 100-ден астам ғылыми жұмыс жариялаған.

5 монография, Қазақстан тарихы, дінтану, философиядан оқулықтар, оның ішінде: «Қ.А.Ясауи дүниетанымы», «Дінтану негіздері», «Қазақстандағы діндер» кітаптарының авторы. Діни экстремизм мәселелерін зерттеуші.

Мәскеу, Анкара, Варшава қалаларында, Мәскеу гуманитарлық университеті, ҚазҰУ, ЕҰУ арнайы шақыртылған дәрістер оқыды. Ресей, АҚШ, Малайзия, Швейцария, Үнді, Түркия елдерінде ғылыми форумдарының қатысушысы.

2009-2014 жж. Әлемдік және дәстүрлі діндер Съезі бастамаларын ілгерілетуде, уәкілетті болып тағайындалған, 4 Съездті ұйымдастыруға қатысқан.

ҚР Дінтанушыларының конгресінің Төрағасы. Қазақстан халқы Ассамблеясының ҒСК Төралқасының мүшесі. «Келісім әлемі» журналының бас редакторы.

Ғылыми-педагогикалық өтілі жалпы 33 жылды құрайды. Оның ішінде профессор А.П.Әбуов 1994-1997 жж. халықаралық байланыстар бойынша ХҚТУ проректоры, 1998-2002 жж. ХҚТУ ҒЗИ директоры, 2002-2004 жж. ХҚТУ Халықаралық қатынастар факультетінің деканы, 2004-2005 жж. ХҚТУ оқу ісі бойынша проректоры, 2005-2008 жж. Астана қаласында ҚР ҰҚК ҒЗИ бас ғылыми қызметкері, 2008-2014 жж. Халықаралық мәдениеттер мен діндер орталығының директоры болып жұмыс жасады.

ҚР Құрмет грамотасы және медальдарымен, «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» ҚР БҒМ Құрмет белгісімен марапатталды.