Балғабек Мырзаев, дінтанушы, Ph.D докторы

ҚР МСМ Дін істері комитеті Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының басшысы.

Б.Мырзаев Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің шығыстану факультетін «Философ-дінтанушы және араб тілі оқытушысы» мамандығы бойынша бітірген. Дінтану саласы бойынша магистратура және докторантурада оқыған.

1995-2003 жылдар аралығында Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ғылыми қызметкер, университет Президентінің көмекшісі лауазымдарында жұмыс жасады. 2003-2005 жылдары аталған университеттің «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарған.

2006-2009 жылдар аралығында ҚР Әділет министрлігіне қарасты Дін істері комитетінде бас маман, І санаттағы сарапшы, бас сарапшы лауазымында, ал 2010 жылы ҚР Мәдениет министрлігі Діни істер комитетінің Діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бастығы қызметін атқарған.

2010-2013 жылдары аралығында «Ислам мәдениеті мен білімін қолдау қоры» корпоративтік қорының атқарушы директоры, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аппаратының басшысы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғылыми сараптау және талдау бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында болды.

2013 жылдан ҚР Дін істері агенттігінің Конфессияаралық қатынастар департаменті Исламдық діни бірлестіктермен байланыстар басқармасының бас сарапшысы қызметіне тағайындалған.