Айтбаев Оңғар Айтбайұлы, филос. ғ.к., профессор

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Философия тарихы және мәдениет теориясы кафедрасының профессоры.

О.Айтбаев 1972 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) «философ-қоғамтанушы» мамандығы бойынша бітірген.

Профессор О.Айтбаевтың жоғарғы білім саласында 44 жыл еңбек тәжірибесі бар. 1972 жылдан бері Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы болып қызмет атқарып келеді.

О.Айтбаев 70-ке жуық ғылыми мақаланың, 2 монографияның және 6 оқулықтың, соның ішінде «Логика» (1994 ж.), «Дінтану негізі» (2005 ж.), «Дінтану» (2010 ж.), «Религиоведение» (2011 ж.) оқулықтарының авторы.

Қарағанды облысы Әкімшілігі жанынан құрылған діни байланыс бойынша кеңестің мүшесі.

Қарағанды облысы Дін істері басқармасы кеңесінің мүшесі, ҚР МСМ Дін істері комитеті сарапшылар тобының мүшесі.